Жібек шаруашылығын қайта жаңғыртты

Қысқаша

Жібек шаруашылығын қайта жаңғыртты

Screenshot_6.jpg

Қадірін түсіне білгенге тұт ағашы нағыз табыс көзі. Мұны келестік ғалым  Бердияр Қалымбетов жақсы түсінеді.  Ол Бірлесу ауылдық округіне 1 га жерге тұт ағашының көшетін жетілдіретін бақша жасап, ұрығын егуде. Халықаралық ғылыми ортақтастық негізінде Өзбекстан Республикасы Ферғана облысынан Жібек шарушылығына тұт ағашын жеткізіп беретін орталықтың жетекшілері арнайы келіп, аталған шарушылықтың қыр-сырмен бөлісуде. Кездесуге Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев қатысып, көрші Республикадан келген мамандардың тәжрибелерімен танысып, аудан әкімдігі атынан алғысын білдірді.

Келес ауданы ежелгі Ұлы жібек жолы бойында орналасқан климаты тұт шарушылығына өте қолайлы аймақ. Сол себепті Келес даласында Тұт шарушылығын дамытуды қолға алған ғалым Бердияр Есбатырұлы бүкіл облыс аумағын тұт көшетімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тұт ағашы өте әдемі бойы 12-18 метрге дейін жететін көлеңгесі қою өсімдік түрі болып табылады. Орта есеппен 70-80 жыл өмір сүреді. Тұт ағашының өнімі неше түрлі ауру сырқаттарға сондай-ақ қан қысымымен ауыратын адамдарға пайдалы. Сондай-ақ келестік ғалым Келес өңірінде Жібек шарушылығын да дамытуды межелеп отыр. Ғалымның айтуынша Ұлы Жібек жолы бойындағы өлкеде Жібек шарушылығы дамуы керек деп есептейді. Жібек өндірісі - әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол тұт ағашы. Тарихқа сүйенсек Келес ауданында кеңес дәуірінде тұрғындар жібек шарушылығын кеңінен қолданған. Сол ескі шарушылықты бүгінгі күннің жаңа технологиясымен дамыту үшін ауданда жұмыстардың алғы легі осы тұт шаруашылығы болып табылады.