Ауылдықтар үшін спорт қолжетімді бола түсті

Қысқаша

Ауылдықтар үшін спорт қолжетімді бола түсті

Screenshot_15.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 % жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 % жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 % асыру жоспарда бар.

Осы орайда Түлкібас ауданында тұрғындарды спортқа тарту үшін ауқымды шаралар атқарылуда.  Айталық ауданға қарасты Састөбе ауылында 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға берілуі жоспарлануда..  

454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде соғылған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. 

Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды. Балалар, жасөспірімдер, жастар енді бос уақыттарын тиімді өткізетін болады.