Үшемдерге сыяпат жасады

Қысқаша

Үшемдерге сыяпат жасады

Screenshot_5.jpg

Өткен жылы Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасының рәміздері күнінде дүниеге үшемдер келген болатын. Жақында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев  түлкібастық үшемдерді 1 жасқа толуымен арнайы құттықтап, Серікбаевтардың шаңырағына қонаққа барды.   Құр келмей алтын құрсақты Мәдина анаға гүл шоқтарын ұсынып, бөбектерге сый-сияпат табыстады. «Ауданымыздың демографиясына елеулі үлес қосып, аман-есен үшемдерді дүниеге әкеліп, өсіріп жатырған сіздерге алғыс айтамыз. Бөбектеріңіз денсаулықтары мықты боп, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын үлкен азаматтар болсын. Биіктерден көрінулеріне тілектеспіз. Сіздерді жақсы жетістіктерімен қуанта бергей!» деді Ерлан Бақытжанұлы.  

Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Кенжалы мен Мәдина Серікбаевалардың былтыр 4- маусымда үшемді дүниеге әкелгенін халыққа қуана хабарлаған болатынбыз.Міне, сол үшемдер: Бекнұр, Ернұр, Балнұр 1 – жасқа толды. Дендері сау, сергек, жүруге талпынып жүр. 

Серікбаевтардың отбасында бұған дейін 2 ұл, 1 қыз болса, үшемдермен 6 перзентке толықты. Балаларының алды 15 жаста. Қолындағы қарт аналары Дариха әже мен үлкен балалары ата-анасына көмекші болып, үшемдерді бағуға жәрдемдесуде.