Төл мерекеде алғысқа бөленді

Қысқаша

Төл мерекеде алғысқа бөленді

Screenshot_16.jpg

Елдің қамы үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметкрелер мен қоғамның тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерінің орны қашан да бөлек. Жақында Қазығұртта мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Мерекелік шараға аудан басшылары қатысып,  ақжарма тілегін ақтарды. Бұл күні ісіне мығым, тірлігіне тиянақты мамандар марапат төрінен көрініп, аудан әкімінің «Алғыс хатымен»  марапатталды.

Бүгінгі таңда аудан бойынша  224 мемлекеттік қызметші елге қызмет етіп келеді. Солардың бірі Қазығұрт аудандық АПБ персоналды басқару жөніндегі бөлімше бастығы Балжан Түбай мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті ол отанды сүю, халыққа адал қызмет ету дейді. Сондай-ақ  мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын  сақтауы аса маңызды.  

     Мемлекет мүддесі мен мақсаттарын жүзеге асыруда қос саланың да рөлі ерек. Аудандық полиция бөлімінің бастығы  Арман  Ақшораев қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар азаматты марапат төріне шығарды.  «Ел тыныштығын күзеткен полиция қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында ауданымызда қылмыс  түрлері төмендеп келеді. Мәселен қылмыс түрлері былтырғы жылдарға қарағанда биыл 30 пайызға төмендеп отыр»,- дейді А.Ақшораев.   

      Ауданның екі  азаматы осы күні мемлекеттік қызметке орналасуына орай ант қабылдады. Олар сынақтан өтіп, жұмысқа қабілетті екендерін дәлелдей алғандар.