Шаруалар жаңа тракторларға ие болды

Қысқаша

Шаруалар жаңа тракторларға ие болды

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысында ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен жақында жергілікті шаруалар мемлекеттің қолдауымен су жаңа техникаларға қол жеткізді. Оларға  9 дана трактордың кілті салтанатты түрде тапсырылды.

Ресми деректер бойынша жалпы Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда барлық техникалар саны 18 мыңға жуықтайды. Оның 16 733 –трактор,  883 – астық комбайны, 339 – мақта комбайны.

Биылғы жылдың 5 айының өзінде 289 бірлік техника сатып алынып, 491 миллион теңге субсидия төленген. Ал 2018 жылы жалпы 954 жаңа техника алынған. Оның 244 бірлігіне 1,2 миллиард теңге инвестициялық субсидия төленген. 

Қазіргі таңда облыста техника аламын деген шаруаларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Егер жоба қаржы институтынан мақұлданса, 25 пайыз алғашқы жарна мемлекет тарапынан субсидияланып қолдау көрсетіледі. Яғни «Инвестициялық субсидия» бағыты ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жаңа серпін беруде. Демек, кәсіпкерлердің өңірімізге инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылықтары артып жатқанын айта кеткен жөн.