Жемқорлық індет екенін ұқтырды

Қысқаша

Жемқорлық індет екенін ұқтырды

Screenshot_21.jpg 

Адалдыққа баланы жастайынан тәрбиелеу керек. Ол секілді бүгінгі жастарға сыбайлас жемқорлықтың қауіпті індет екенін де ұғындыру маңызды. Осы орайда Бәйдібек ауданында  «Адалдық - адамдықтың белгісі!» деген  тақырыпта оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түркістан облыстық білім басқармасы мен сала мамандары «Болашақ» жазғы демалыс лагерінде болып, балалармен тілдесті.

Шарада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент мамандары сөз сөйлеп, демалушыларға әрбір істе адалдық таныту қажеттігін айтып, әрдайым әділ болуға шақырды.

«Сыбайлас жемқорлық тәрізді індетті түбегейлі жою үшін өскелең ұрпақтарды мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру маңызды болып отыр. Осы орайда «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында жазғы мектеп лагерлерде оқушыларды адалдыққа тәрбиелейтін жазғы мектеп ларгерлері өз жұмысын бастап отыр,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов.

Жиыннан соң лагерь демалушылары қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынды. Мұнан соң, «Біз адал жолды таңдаймыз!» атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Ал, ерікті жастардың бір тобы флешмоб орындады.