Үкімет пен Елбасының отставкасы, Президент сайлауы...

Қысқаша

Жылдың басты 10 жаңалығы

Жылдың  басты 10 жаңалығы

 2019_05_25_kn.jpg

2019 жыл Ікімет пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасымен, Президент сайлауымен, көпбалалы аналардың митингілермен есте қалды. ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстандағы 2019 жылдың 10 басты жаңалығын атаған екен. Соған тоқталсақ.

 

 

Ікіметтің отставкаға кетуі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 ақпан күні Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Бұл ретте ол тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға, қабылданған заңдарға, үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді деп мәлімдеді.

 

Назарбаевтың Президент лауазымындағы өкілеттігін аяқтауы. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан Президенті лауазымындағы өкілеттігінің аяқталғаны туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ретте ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі болып қалды. Кезекті сайлауға дейін Конституцияға сәйкес мемлекетті Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болды. Парламенттің жоғары палатасы - Сенаттың төрағасы лауазымын Тұңғыш Президенттің қызы Дариға Назарбаева иеленді.

 

Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі. 20 наурызда уақытша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа қызметке кіріскенін білдіретін Қазақстан Конституциясына ант қабылдағаннан кейін мемлекет басшысы лауазымындағы бірінші ресми сөз сөйлеуінде Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту идеясын айтты. Бірнеше сағаттан кейін Қазақстан Парламентінің екі палатасының бірлескен отырысында Мәжіліс және Сенат депутаттары астананың атауын өзгерту үшін Конституцияға түзетулерді қабылдады. Сонымен қатар Назарбаевтың құрметіне Қазақстанның көптеген қалаларында негізгі көшелердің атауы мен елордадағы халықаралық әуежайдың атауы өзгертілді.

 

Қазақстандағы жаппай митингілер мен ұстаулар. 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бейбіт шерулер нәтижесінде 80-ге жуық адам ұсталған болатын. Наразылық басқа қалаларда да өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауды бойкоттауға шақырды, елорданың атауын өзгертуге және атом электр стансасын салуға қарсы шықты. 10-11 маусымда Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингілерге қатысқан 700-ге жуық адам ұсталды. Оның артынан Қазақстанның көптеген қалаларында митингілер ай сайын өтіп отырды. Одан бөлек жалғыз адам болып пикетке шығудың бірқатар жағдайы тіркелді, олар негізінен саяси тұтқындарды босатуды талап етті.

 

Президент сайлауы. 10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) алдын-ала қорытынды негізінде дүйсенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 маусымда өткен Қазақстан Президенті сайлауының жеңімпазы деп жариялады. Орталық сайлау комиссиясының ақпарына сәйкес «Nur Otan» партиясының кандидаты Тоқаев сайлаушылардың 6 504 54 (70,76%) даусын жинады, екінші орында «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов сайлаушылардың 1 472 733 (16,3%) даусын жинаған, үшінші орында «Ақ жол» партиясының кандидаты Дания Еспаева тұр, оған ОСК хабарынша, 478 153 қазақстандық (5,2%) дауыс берген.

 

Қазақстанның Коммунистік халық партиясының кандидаты Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс (1,82%), «Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков – 294 271 (3,2%), Қазақстан Кәсіподақ федерациясының кандидаты Амангелді Таспихов – 190 304 (2,7%), «Ұлы дала қырандары» қозғалысының кандидаты Сәдібек Түгел – 84 348 (0,92%) дауыс жинады.

 

Биыл республикадағы облыстар мен ірі қалалардың әкімдері арасында ауыс-түйістер болды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, ал бұл қызметтегі Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды. Алматы әкімі болып, Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Бақытжан Сағынтаев тағайындалды, ол бұл қызметте Бауыржан Байбектің орнына келді, ол болса «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне қайта оралды. Сонымен қатар, 2019 жылы Шымкент, Қостанай, Павлодар, Орал, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының әкімдері ауысты.

 

2019 жылдың басты жаңалығы ретінде сонымен бірге Арыстағы жарылыс, Атыраудағы сәбилер өлімі, қоғамдық қозғалыстар арасындағы белсенділік, атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібінің өзгеруі аталыпты.

 

Рейтинг газеті