«Өтірік детекторы»

Қысқаша

Италиядағы «Өтіріктің аузы» ескерткіші туристер қызығатын орта ғасырлық скульптуралардың бірі.

383527.jpg

 Аузын ашып тұрған Океанус құдайы бейнеленген алып бас мүсіні ертеректе «өтірік детекторы» қызметін атқарған. Орта ғасырда тұрғындар шын немесе жалған айтып тұрғанын тексеру үшін адамдарды  осында әкеліп, мүсіннің аузына қолын тыққан.


Егер адам шын айтып тұрса, онда қолы аман есен шыққан. Ал егер өтірік сөйлеген болса онда әлгі Құдай оның қолын тістеп алатын болған. Бұл әрине аңыз болса да осы әфсанаға әлі күнге дейін сенетіндер бар екен. Мұнда қазірдің өзінде әсіресе, бір-біріне адалдығын тексеру үшін ерлі-зайыптылар көп келетін көрінеді.

 

Рейтинг газеті