Қызы әкесін кешірді

Қысқаша

Әнші Абай Бегейді екінші рет отау құрғаны үшін үлкен қызы Ерке Ниязқұлова кешірмей жүрген еді.

news_full15728464962f516dd225d322c4c4ab8b179545ee19.jpg

Жақында әнші «инстаграм» парақшасында  қызының ұлымен бірге төркіндеп келгенін жазды.   «Өмір болғасын әртүрлі жағдайлар болады екен. Тілеулес болған сіздерге Алла разы болсын! Отбасыларыңызға амандық, татулық, мейрімділік тілеймін!», - деп жазды Абай.             

 
 Араға уақыт салып Еркенің әкесін кешіргені байқалады.  Өз кезегінде желі қолданушылары өнер иесінің  үлкен қызымен қайта араласа бастағанына қуанғандарын жеткізді.

Димаш әлемдік брендтің келбеті атанды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «Jacob & Co» әлемдік сағат брендінің ресми өкілі болды.  Бұл туралы Димаштың өзі Іnstagram парақшасында хабарлады.
 

Ол  Нью-Йоркте болып, “алмаз королі” атанып кеткен белгілі дизайнер, Jacob & Co компаниясының негізін қалаушы әрі әлемдегі ең үздік сағаттарды жасап шығарушы Джейкоб Арабомен кездескен. Кездесу барысында белгілі дизайнер әрі кәсіпкер қазақ өнерпазына  аталмыш компанияның беткеұстары болуға ұсыныс жасаған. Димаш Джейкобтың  ұсынысын жерге тастамаған көрінеді.

Рейтинг газеті