Әнші бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Бірінші некесінен аузы күйген ол болашақ отағасын халыққа көрсетуді қаламайды екен.
«Оны халыққа көрсетуден қорқамын. Себебі, ара-қатынасымызға кері әсері тиіп кетуі әбден мүмкін. Ол жанға ешқандай талап қоймаймын. Әзірше құпия болып қала берсін. Келесі клиптің сюжетінде баянды махаббатты суреттейміз. Тың туындымды сүйіктіме арнағаныммен, басқа жігітті актер етіп таңдадым», – дейді Әуелбекова.
Сәтсіз аяқталған некеден кейін әнші өнерді емес, отбасы құндылығын басты назарға алған.
Рейтинг газеті