«Жүргеновтің қабырғасында 2-курста оқып жүрген кезімде жол апатына түстім. 2003 жылы мүгедектік рәсімдегенмен, оның ақшасын алмадым. Өйткені, көп адам менің ақшамды санағанды жақсы көреді», - деді актер. Ол аяғымен әлек болып жүргенінде төбелестің ортасында қалып қойып, жағдайының одан бетер нашарлап кеткенін айтты. «Әзіл әлемінде» біздің кіріп-шыққанымызды көрсетпейді. «Қайрат Әділгерейұлы» деп таныстырған кезде микрофонның алдында тұрамыз. Осылайша бір аяғым 4,7 сантиметрге қысқарды. Ішінен 3,5 сантиметрге биіктетіп алғанмын. 1 сантиметр айырмашылықтан ақсаңдап жүремін», - дейді Қайрат.