Шәуілдірде күн қуат станциясы салынады

Қысқаша

Шәуілдірде күн қуат станциясы салынады


5d973234de1eb.jpg

 

Түркістан облысында табиғат күштерінен электр энергиясын өндіретін станциялар көбейіп келеді. Күнне қуат алатын ірі станцияның құрылысы Созақ ауданында жүргізіліп жатыр. Енді міне Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн қуат станциясын салу көзделіп отыр. 

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай жуырда жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Алдағы уақытта осы кәсіпті жүргізетін салымшылар арасында іріктеу өткізіліп, жеңімпаздары анықталады. Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰДБ сарапшы-мамандары, жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері компанияларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты. Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.