Мақсат-қоныс аударушылардың өмірімен танысу

Қысқаша

Мақсат-қоныс аударушылардың өмірімен танысу


71138994_2533019063413017_5953986289110876160_n.jpg

Түркістан облысының жауапты мекеме жетекшілері, қоғам және БАҚ өкілдерінен жасақталған арнайы топ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына сапар шекті. Мақсат - «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер және облыстан көшіп барған отбасылар өмірімен танысу. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.


Облыс орталығы Өскеменге ат басын тіреген түркістандықтарды ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Тимур Жигитаев қарсы алып, келелі кездесу ұйымдастырды. Жиналғандар халқы тығыз қоныстанған облыстардан тұрғындары сиреген өңірлерге азаматтарды көптеп көшіру жолдарын талқылады.


Жалпы, «Еңбек» бағдарламасы 2015 жылдан бері еңбек күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету және демографиялық өсімді қалпына келтіру мақсатында жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама.


Осы орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы оралмандар мен қоныс аударушылар үшін қоныстандыру өңірі ретінде анықталған болатын.