Шаруалар Ресейден асыл тұқымды мал әкеліп жатыр

Қысқаша

Шаруалар Ресейден асыл тұқымды мал әкеліп жатыр

коровы.jpg

 

 Созақ ауданында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары нәтиделі жүзеге асуда. 

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірмановтың айтуынша, ауылшаруашылық саласы ауданның тиімді кіріс көзінің бірі. Жайылымдық жерлер мен мал азығын дайындау басты назарда. «Жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 2 млн 500 мыңдай жер қарастырылған. Оның ішінде 15000 гектар егін шаруашылығы саласына бөлінген. Таза иеленіп отырған 350 мың гектар жерімізді шаруалар ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану мақсатында, оның ішінде жайылымға алып жатыр. Жалпы 350 мыңдай мал басы бар. Оның бәрін шаруа қожалықтары бөліп алған. Әр шаруа қожалықтарының 200 гектардан жері бар.  Сол себепті де, біздің аудан егін және мал шаруашылығына бет бұрған. Оның ішінде үш шаруа қожалығымыз «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4%-дық несие алып, Ресейдің Алтай өңірінен асыл тұқымды мал әкеліп жатыр», - дейді Қайырбек Мейірманов.    

   Ауданда мал шаруашылығы саласында шаруа қожалықтарынан бөлек бірнеше кооперативтер жұмыс істейді.