Мақта теру науқаны басталды

Қысқаша

Мақта теру науқаны басталды

70174931_1716061018526838_8023586580713177088_n.jpg


Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды. Науқанға алғаш болып  "ақ алтынның" отаны саналған Мақтаарал ауданының мақташыларды кірісті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Нұржан Ерназаров басшылық жасайтын "Нұржан" шаруа қожалығы алажаздай өсірген өнімін жинауда. 5,8 гектар жерге "Мақтаарал 47/27" мақта сортын еккен қожалық 27 центнерден өнім алуда. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындары қатысып, оларға терген өнімнің әр келісіне 30 теңгеден төленуде. Қожалық басшысы жинаған өнімін "Қарақыр" мақта қабылдау пунктіне өткізбекші.

Жалпы биыл мақтааралдық шаруалар 38 мың гектардан аса жерге мақта шитін сепкен болатын. Былтыр ауа-райының қолайсыздығы мен мақта зиянкестерінің көп болуына қарамастан, «ақ алтыннан» 96 мың тонна өнім жиналған еді. Орташа өнімділік 25 центнерге әрең жеткен болатын. 

-Ал, биыл бұл межеден асамыз деген жоспар бар,-дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов.