Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Түркістан облысында жалпы саны 2950 пәтер тапсырылған. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
Оның ішінде 7,7 мың шаршы метрлік 136 пәтер - қызметтік тұрғын үй, 60 мың шаршы метрлік 881 пәтер - арендалық тұрғын үй, 268,7 мың шаршы метрлік 1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы саналады.
2019 жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метрді құрап, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102 пайыз болып белгіленген.
Сондай-ақ, Түркістан облысында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Жалпаы өңірде биыл құрылыстың қарқыны жоғары. Облыс орталығы Түркістанда биыл көптеген нысандар пайдалануға беріледі.