Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жылдығына "55 игі іс" шарасы аясында еңбек ардагерлері жастармен кездесіп, аудан тарихынан сыр шертті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынды
ашқан аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов аға буынның аудан
үшін еткен еңбектеріне тоқталды, "Ұлтжандылық туған жерге деген
сүйіспеншіліктен бастау алады" деп, жастарға да сөз арнады.
Аудан ардагерлерінің атынан Тұран Әбдіқайымұлы, ардагер ұстаз Лесбек Жүсіп, ардагер дәрігер Иманбай
Оразбаев, "Ел бірлігі" қоғамдық бірлестігінен Гайдан Дәнешұлы, аудандық
әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тайтелиева, ауылшаруашылық саласының
ардагері Медеу Сағымбеков, Бектай Шәмет ауданның іргетасы құрылған
кезеңдерді еске алып, тарихынан да тың деректер келтірді.
Жастар ел үшін еткен еңбектің еш кетпейтінін, аға буынның атқарған әр
ісінің аудан дамуында өзіндік орны барын, өткеннен өнеге алып, келешекке
жоспар түзетіндерін айтып, бүгінгі кездесу үшін ризашылықтарын
жеткізді.