Түркістан
облысында «Жастар жылы» аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Солардың
бірі Түлкібас ауданында ұйымдастырылды. Аудан орталығы - Т.Рысқұлов
ауылындағы «Жеті қазына» аллеясында «Жас кәсіпкер» оқу курстарын
аяқтаған жастарға сертификат тапсыру салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев:
- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Тұңғыш
Президентіміз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз
саясатының негізгі мәні деп санайды. Өйткені жастар қоғамның бір бөлігі
ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады-деп, бүгінгі өз жеке кәсібін
ашуға үлкен қадам жасағалы тұрған аудан жастарына сәттілік тілеп, оқу
сертификаттарын тапсырды.
Шара барысында жас кәсіпкерлердің өз қолымен дайындаған бұйымдары мен
тағамдарының көрмесі ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің
өнерпаздары тарапынан дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бүгінгі таңда ауданда
107 жас «Жас кәсіпкер» оқу курстарын аяқтап, өз жеке кәсібін ашуға
мемлекет тарапынан берілетін 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қатысуға
үміткер атанып отыр.
Сондай-ақ, ауданда жастар үшін сапалы білім алып, спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалынған.
Мәселен, биылғы жылы Азаттық елді мекенінен 600 орындық жаңа мектеп
пайдалануға берілсе, Пушкин, Бреусов, Шевцов, Кошевой, Жамбыл,
Сеславино, Алтынсарин мектептеріне күрделі жөндеу мен қосымша корпус
құрылыстары жүруде. Састөбе кентінен 240 жас бір мезетте спорттың алуан
түрімен шұғылдануға бағытталған спорт кешені ашылса, аудан
орталығындағы спорт мектебі жаңынан жаңа күрес залы мен «Жанкент» мөлтек
ауданынан су жаңа кіші футбол алаңы, «Стрит воркаут» және балаларға
арналған ойын алаңшалары аудан жастарының игілігіне пайдалануға
берілмек.