А.Мамин Түркістандағы инвестициялық жобалармен таныстыА.Мамин Түркістандағы инвестициялық жобалармен

Қысқаша

А.Мамин Түркістандағы инвестициялық жобалармен танысты

WhatsApp Image 2019-09-11 at 19.36.43 (1).jpeg

 

Түркістан облысына сапары барысында Премьер-министр Асқар Мамин  облыс орталығы Түркістан қаласында салынып жатқан құрылостарды аралады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

   Премьер-Министр болашақ халықаралық әуежайдың құрылыс алаңында болды. Жоба түріктің YDA Holding компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллион жолаушыны құрайды. Нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

Үкімет басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық фонтанды, амфитеатр, салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, келу орталығының, Шығыс моншасының, қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарын аралады.

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды.