Көшеде көптің көкейіндегі мәселелерге жауап берді

Қысқаша

Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халық көп шоғырлан


Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын аудандық «Қазпошта» маңында «Жолда қабылдау» акциясында аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Жан Мамыров пен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция капитаны Рәтбек Бейісбеков тұрғындармен кездесіп, сұрақтарын тыңдады. Акция барысында жеке мәселесі бойынша кеңес сұрап, оған тиісті жауабын алғандар аз болмады. Аталған акцияның мақсаты – жергілікті тұрғындармен етене байланыста болып, автокөлік жүргізушілерінің арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мен жол тәртібін сақтау және көлік жүргізу мәдениетін түсіндіру.
– Біздің тарапымыздан оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі мен көлік жүргізу мәдениетін сақтамауында. Көбіне өздерін «самолеттің» штурвалында отырғандай сезінетін жүргізушілер әр аймақтарда да жеткілікті. Жүргізуші көлікке отырған жолаушылардың жанын бәйгеге тікпей, ең алдымен олардың қауіпсіздігін ойлауы керек, сонда ғана тиісті діттеген жеріне аман-есен жете алады. Өкінішке орай, жүргізушілер тарапынан жол жүру талаптарын сақтамауынан, жылдамдықты арттыру, мас күйінде көлік жүргізу, жол ережесін білмеу сияқты қателіктерден оқыс оқиға орын алып жатады. Әрине, мұндай жағдайда құқық бұзғаны үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынады, – деді полиция қызметкері.
Бұдан бөлек полиция мамандары (арнайы электронды құрылғы арқылы) орталықта жүрген көлік жүргізушілерінің айыппұлдарының бар-жоғын тексеріп берді.