Бәйдібек ата ауылы абаттандырылып, көшелері жөнделеді. Қоғамдық
кеңесте мақұлданып, аудандық мәслихат депутаттарынан қолдау тапқан оңды
бір шешімге орай Ақтас ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ата ауылы
дамудың даңғыл жолына түскелі отыр. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылғы 13
маусымда өткен облыстық мәслихаттың №38 405 -VI шешімімен аудан
бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Бәйдібек ата
ауылындағы Қарабастау көшесін орташа жөндеуге 138 мың теңге, Маханов
көшесін орташа жөндеуге 110 824 мың теңге, Торғауытов көшесін орташа
жөндеуге 23 988 мың теңге қаржы қаралып отыр. Сонымен бірге абаттандыру
жұмысына (шарбақпен қоршауға) 182 697 мың теңге, бағытталған.
Сондай-ақ,
бұған қосымша жергілікті бюджет есебінен осы ауылдағы «Тағзым» аллеясын
ағымдағы жөндеуге 50 179 мың теңге, балалар аллеясын абаттандыруға 16
266 мың теңге, Қарабастау көшесін орташа жөндеуге 37 457 мың теңге,
Балғынсай көшесін орташа жөндеуге 20 732 мың теңге, Е.Шөкеев көшесін
орташа жөндеуге 28 344 мың теңге бөлінеді.