«100 жаңа есім» не үшін керек?

Қысқаша

«100 жаңа есім» не үшін керек?

Картинки по запросу Дәурен абаев

Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев «100 жаңа есімге» байланысты пікір білдірді, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы жоба арқылы түрлі салада Қазақстанда дарынды жастар бар екенін көрсеткіміз келеді. Бүгінде олардың табысты тәжірибесі көптеп кездеседі. Өкінішке қарай, күнделікті өмірдегі қарбалас жұмыстармен осы адамдарды байқамай жүруіміз мүмкін. Сондықтан бұл адамдардың табысты еңбек тәжірибесімен мақтан тұтатынымызды көрсеткеніміз жөн», - деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаевтың айтуынша, «100 жаңа есімге» лайықты адамдар жайында көбірек айту артық болмайтынын, осы адамдар қиындықты қалай еңсергені баршаға үлгі екенін жеткізді.

«Осы адамдардың өмір жолы өскелең үрпақты ынталандыруы керек, яғни үлгі болуы тиіс. Бұл тұрғыда көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін үлгі болатыны анық. Өйткені аталған жобаға қатысушылардың көбісі көпбалалы отбасылардың тәрбиесінде болды. Олар бүгінде түрлі салада елеулі табысқа жетіп отыр», - деді Д. Абаев.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталады.