Созақ ауданында ағымдағы жылдың 7 айында аудан экономикасына 17
миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Созақ ауданының әкімі
Салыхан Полатовтың айтуынша, оның 15 миллиард 890 миллион теңгесі
ауданда ісін жолға қойған кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз
қаржысы.
– Жыл басынан бергі жеті айдың қорытынды есебі бойынша аудан
экономикасына 17 миллиард 17 миллион теңге инвестиция тартылды. Бұл
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,5 пайызға орындалды. Оның
ішінде 725 миллион 500 мың теңгесі жергілікті бюджет есебінен жұмсалса,
15 миллиард 890 миллион аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар теңгесі.
Яғни, осы жеті айдағы ауданға тартылған инвестицияның 90 пайыздан астамы
халықтың өз қаржысы. Бұл 17 миллиард 17 миллионның ішінде банктерден
алынған кредиттер, шетел инвестициясы жоқ. Мұның ішінде қарызға алынған
қаражаттың көлемі 248 миллион 700 мың теңгені құрады, – дейді аудан
әкімі Салыхан Сабырханұлы.