Шаянда көлік қозғалысы реттеліп, апат азаяды

Қысқаша

Бәйдібек ауданының орталығындағы Бәйдібек би көшесі мен С.Қадырбаев көшелерінің қиылы


Бәйдібек ауданының орталығындағы Бәйдібек би көшесі мен С.Қадырбаев көшелерінің қиылысына су жаңа бағдаршам орнатылды. Бұдан бөлек, тағы үш көшенің бойына бағдаршам орнату жоспарланған.
Атап айтқанда, аудан орталығы Шаян елді мекеніне бағдаршам орнату мәселесі бойынша, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мен аудандық полиция бөлімінің қызметкері жол және техникалық инспекциясы, аға инспекторы, полиция майоры Талғат Шынғожаевпен келісе отырып, елді мекеннің Қ.Спатаев көшесімен М.Әуезов көшесінің қиылысына, Қ.Спатаев көшесімен Бәйдібек би көшесінің қиылысына және Шаян елдімекенінің кіре берісі Қ.Рысқұлов көшелеріне бағдаршамдар орнату жұмыстары келісілген болатын.
Қазіргі таңда бағдаршам орнату жұмыстары бойынша арнайы лицензиясы бар мекеме тарапынан қажетті қаржысы есептелініп, 2019 жылға есептелген 20 млн 400 мың теңге қаржысы қаралып отыр. Жыл соңына дейін аталған көшелердің қиылыстарына жаңа бағдаршамдар орнатылса, көліктердің қозғалысы реттеліп, адам өміріне төнер қауіп азаймақ. Апатты болдырмаудың және алдын алудың тағы бір мүмкіндігі – жаңа бағдаршам түстерінің қанша мезет жанып тұратынын айғақтайтын секундомер де қосылмақ.