Прокурорды пәрелеймін деп 22,5 миллион теңгеден қағылды

Қысқаша

Прокурорды пәрелеймін деп 22,5 миллион теңгеден қағылды

Картинки по запросу пара алған

Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан прокурор тексерісінің еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек болып, пара берген, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша із қозғалып, жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан сот алдында жауап берді. Ол прокурор тексерісінің еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек болған. Іс келісім бойынша қысқартылған тәртіпте өтті.

«Клава Пан Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 1,5 миллион теңгені 15 еселенген түрінде, яғни, 22,5 миллион теңге етіп қайтару жазасы тағайындалсын», - деді судья Айнұр Бекмұхамбетова.