Бәйдібек ауданында 6 айда 579 млн 693 мың 165 теңгенің мемлекеттік
сатып алулары өткізіліп, конкурстардың жеңімпаздары анықталған.
Нәтижесінде 40 млн 54 мың 72 теңге үнемделген. Бұл туралы аудандық
мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы Марат Енжанов
хабарлады.
Аталған бөлім басшысының айтуынша, былтыр ауданда 39 ашық
тәсілімен 408 млн 179 мың 736 теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстары
өткізілген. Мемлекеттік сатып алулардың қорытынды хаттамаларына сәйкес
үнемделген қаржы 35 млн 50 мың 668 (8,59%) теңгені құраған.
Алтыншы
шақырылымдағы аудандық мәслихаттың біріккен тұрақты комиссия отырысының
күн тәртібінде алдымен Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Төлеген
Дәрменбаевтың есебі тыңдалды. Ол баяндамасында бюджет саласы, салық
түсімінің орындалуы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл
шаруашылығы, білім беру мен әлеуметтік салаға қатысты егжей-тегжейлі
тоқталды. Денсаулық, мәдениет және спорт салаларымен қатар жарықтандыру,
жол, өңірді көркейту, көгалдандыру жайы да айтылды.
Аудан
көлеміндегі мәдениет үйлері мен ауыл клубтарының материалдық-техникалық
базаларының қамтамасыз етілуі және одан әрі жақсарту бойынша қабылданған
шаралар туралы мәдениет бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
Әбдімүтәліп Әбдуайтов баяндады.
Бөлімге қарасты типтік үлгідегі 12
нысанда аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб
мекемелері мен 25 кітапхана және «Жасыл саябақ», «Тарихи-табиғи мұраны
қорғау және пайдалану орталығы» мен «Тілдерді оқыту және дамыту
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет жасайды.
Баяндаманы
жасаушыларға депутаттар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Тиісті жауабы
да айтылды. Күн тәртібіндегі алдыңғы екі мәселе сессияға ұсынылатын
болып қаулы алынды. Ал үшінші мәселе мәлімет ретінде қабылданды.