Бәйдібектіктер марапатталды

Қысқаша

Өткен апта соңында Арыс қаласындағы 15 секторға жауапты басшылары Арыста атқарылып жатқан жұмыстарға қорытынды жасап, дастархан жайып, жергілікті тұрғындарға, құрылысшыларға дәм берді әрі концерттік бағдарлама ұсынды.


Өткен апта соңында Арыс қаласындағы 15 секторға жауапты басшылары Арыста атқарылып жатқан жұмыстарға қорытынды жасап, дастархан жайып, жергілікті тұрғындарға, құрылысшыларға дәм берді әрі концерттік бағдарлама ұсынды. Осы жылы жүздесуде Арыс қаласын қалпына келтірудегі белсенді қызметтері үшін Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Жандарбек Сұлтанбеков пен Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Тұран Әкім Түркістан облысы әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.
Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман, заңгері Спабеков Наурызалы Қанайбекұлы мен «Ауыл қызмет» КМК-нің жұмысшысы Рамиль Абдуллин Рашидұлы Түркістан облысы мәслихатының Грамотасына ие болды.
Түркістан облысы әкімдігінің Алматы облысы әкімдігі мен Бәйдібек ауданы әкімдігіне қарасты №15 секторға бекітілген өкілі Жұмағали Базарбаев сөз сөйлеп, тілегін айтып, соңынан бірнеше азаматқа соның ішінде Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевке Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальді тапсырды.
Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Асыл Абжалов және осы орталықтың маманы Бағдат Едіге Нариманұлы, КМК-нің жұмысшылары Алиакбар Абдуллаев пен Асқар Мәуленов сынды жастар Арыс қаласы әкімінің және «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының «Алғыс хатын» алды.
Аталған шарада Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Арыс қаласының елдің ауызбіршілігінің, ынтымақ, бірлігінің арқасында қайта қалпына келтірілгендігіне мән берді. Арыс қаласы әкімінің орынбасары Дәрібай Сапарбай Дәрібайұлы мен мәслихат хатшысы Маханов Ерлан Мінуарұлы ел қиыншылығын бірге бөліскен бүкіл елге, соның ішінде 15 секторда жұмыс істеген Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы әкімдігіне шынайы алғысын білдірді.