«Бірге!
Таза Қазақстан!» жалпыхалықтық экологиялық акциясына Созақ ауданында
7000 тарта адам қатысты. Барлық ауыл, кент округтеріндегі тазалық
жұмыстарына 26 техника жұмылдырылып, 84 тонна қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, көше бойлары, көпірлермен арық, бұлақтар тазаланды. 12,2
гектар саябақ ретке келтірілді.
Аудан орталығы Шолаққорған
ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағынан бастау алған игі шараға аудан
әкімдігі қызметкерлері, мәслихат депутаттары, мекеме ұжымдары, білім
саласы қызметкерлері, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, жастар мен
еріктілер қатысты.
Тазалық жұмысына аудан әкімі Салыхан Полатов бас болып, «Жастар саябағы» демалыс орнында тазалық жұмыстарын жүргізді.
–
Бүгінгі экологиялық акция еліміздің барлық өңірінде болып жатыр. Ауыл
аймақтың таза болуына, қызметкерлермен қатар еріктілерде ат салысуда.
Үкімет басшысы бастаған игі іске біздің ауылдың азаматтары да белсене
қатысты. Бұл үлкен акцияны қолдаған барша азаматтарға алғыс айтамын.
Жалпы, аудан көлемінде көркейту көгалдандыру жұмыстарына мән беріп
келеміз. Аудан орталығында халық демалатын, көңіл көтеретін 3 саябақ
бар. Алдағы уақытта тағы 2 саябақ салу жоспары бар. Ауылды көркейтетін
тазалық жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады, – деді аудан әкімі
Салыхан Сабырұлы.