Биылғы оқу жылы Ағыбет аумағына қарайтын Жаңаталап ауылында көл-көсір қуанышпен басталды. Ауылда көптен күткен екі қабатты жаңа жобадағы жап-жаңа мектеп жайы пайдалануға берілді.
1 қыркүйек – Білім мерекесі күні лентасы қиылған салтанаттты жиынға аудан әкімі Бақытбек Танагөзов, аудандық мәслихат хатшысы Мұхадас Нақыпбеков қатысып, тұрғындарды құттықтап қуаныштарына ортақтасты. Ата-аналар атынан округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, ардагер ұстаз Мәрия Кәрібаева, озат оқушылар Айдана Сағынбек пен Мейір Кәдір жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Мектептің символикалық кілтін мердігер Темірхан Жұмабеков мектеп директоры Анархан Әділбаевқа тапсырды. Алғашқы қоңырауды 9 сыныптың үздік оқушысы Ағжан Сүйебек пен 1 сыныпқа баратын Айсұлтан Жақсыбек сыңғыр қақтыра көпшілік ортасынан алып өтті.
Бұл салатантты жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбет, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Қалаубай, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Төлеби Досалиев және ауыл әкімі Нұржан Байғазиев та қатысты.