СҚО-да заңсыз жүрген шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Қысқаша

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тәжікстанның 33 жасар азаматын сот шешімімен бірнеше рет заң бұзушылық жасағаны үшін ҚР-дан шығарып жіберген

Иностранец-нелегал пешком пересек границу в СКО

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тәжікстанның 33 жасар азаматын сот шешімімен бірнеше рет заң бұзушылық жасағаны үшін ҚР-дан шығарып жіберген. Оған елге кіруге таяудағы бес жылда тыйым салынды. 

Алайда біраз уақыттан кейін шетел азаматы шекарадан өтіп, Қазақстанға оралған. Енді оған мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілік төніп тұр.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өңір тұрғындары да жауапты. Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі шетелдік қонақтардың уақытылы тіркелмеуімен байланысты. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері де кездеседі.

- Тәжікстан Республикасының төрт азаматын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін Шал ақын ауданының 31 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктер жұмысқа орналасуға рұқсатсыз келіп, өңірде тіркелмей тұрған. Олардың жұмыс берушісі де жазаланды, - деді баспасөз қызметі.  

Жыл басынан бері облыс бойынша 1 863 тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмысшыларды заңсыз қабылдағаны үшін 78 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.