Зейнетақы жасын қайта қарау ұсынылды

Қысқаша

Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің бірінші отырысы Нұр-Сұлтан қаласында болып өтті.

Картинки по запросу зейнетақы жасы

Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің бірінші отырысы Нұр-Сұлтан қаласында болып өтті.

Жиын барысында қоғам қайраткері, қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық Қазақстанда зейнетақы жасын біртіндеп арттыру туралы шешімді қайта қарауды ұсынды.

«Халықты толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – зейнетақы жасы. Мәселені экономикалық жағынан зерделеп, қайта қарау керек. Біздің Экономика дамып келеді. Жарты жылға қосудың орнына жарты жылға азайту керек. 55-60 жас шамасына тоқтау керек», - деді Қожық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесінің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Отырыс барысында вице-премьер Бердібек Сапарбаев та бұл мәселе жөнінен өз ойын білдірді.

«Бұл мәселе біздің еліміз үшін еңбек ресурстарының қажеттілігін ескере отырып зерделеуді талап етеді.» 

Қазақстанда әйелдер үшін зейнетақы жасы кезең-кезеңімен 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай 63 жасқа дейін артады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы 59 жасқа жеткен болатын. 

Өзгерістер 1960-1964 жылға дейін туған адамдарға қатысты.  Ерлер үшін елімізде зейнетақы жасы 63 жас болып, өзгеріссіз қалады.