Абаев: «Бүкіл әлем елдері Қытай капиталы үшін күреседі»

Қысқаша

Ақпарат министрі Даурен Абаев Хабар арнасына берген сұхбатында президенттің ағашқы Жолдауы және елдегі бірқатар мәселелеріне пікір білдірді

Картинки по запросу даурен абаев

Ақпарат министрі Даурен Абаев Хабар арнасына берген сұхбатында президенттің ағашқы Жолдауы және елдегі бірқатар мәселелеріне пікір білдірді. Абаев сонымен қатар, қытайлық кәсіпорындарға қарсы бағытталып отырған митингілерге деген ойын да ашық жеткізді.

"Жалпы айтқанда, қытай инвестициясы шетелдік инвестицияның 5%-ін ғана құрайды. Бүкіл әлем елдері Қытай капиталы үшін күреседі. Қытай инвесторлары Латын Америкасы, Ресей, Африка, Таяу Шығыс және Еуропада жұмыс істейді. Сол себепті Қытай кәсіпорындары біздің елден кетсе, Қытай экономикасына түк болмайды, ал бізге әсер етеді."

Сөзінің ортасында Ақпарат министрі қазақшалап:

Ағайындар, елге қызмет етіп отырғандардың бәрін надан деп ойлайсыздар ма? Біз де қазақ деген ұлы ұлттың ұрпағымыз. Ата-бабамыздың сүйегі жатқан жерде шет елге сату деген сөздің өзі ақылға қонбайды. Жер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қала береді. Айғайлап өсек тарату патриоттық емес, - деді.

Абаев ел ішіне іріткі салатын жалған ақпаратшылардың патриот емесін айтты. Ол «Сонда жоғарыдағылар жерді сатып жатқанда үйлерінде ұйықтап жатады деп ойлай ма?», - деп те ренішін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзен, Алматы секілді басқа да Қазақстанның бірнеше қалаларында «Қытайлық кәсіпорындар басып кетеді, елде 55 кәсіпорын салады, ол жерлерде тек қытайлықтар жұмыс жасайды екен» деген бой көтерулер орын алған болатын.