«Қарты бар үйдің қазынасы бар»

Қысқаша

«Қарты бар үйдің қазынасы бар»


 67717741_215506479429728_8738666109709844480_o.jpg

-Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бойына тәрбиелік рухты сіңдіру, үлкен жастағы ата-апаларымызды құрметтеу, жастарымызды қарияларымыздың өмірімен таныстыру мақсатында "Қарты бар үйдің қазынасы бар" атты тақырыбында жалғызбасты қария апамыздың үйіне барып, үй жағдайына көмектесті. Жастар атаулы іс-шарада үй ішінің шөптерін, көше маңайларын тазалап көмектесті,-деп хабарлайды Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығы».

«Жастар жылының» ашылу салтанатында Тұңғыш президент Н.Назарбаев:

-Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындарында волонтерлердің арнайы курстарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет саналады.

Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор.  Кез-келген адам жасы ұлғайған шағында жастар тарапынан жанашырлық пен қамқорлық күтетінін ұмытпаған жөн. Еліміздегі жарты миллионға жуық студент жастар Үкіметтік емес ұйымдармен бірге мұқтаж  жандарға елеулі көмек көрсете алады,-деген болатын.

Сондай-ақ Елбасы:

     -Былтыр өзім бастап берген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. «Жас сарбаз» бастамасының үлгісімен еліміздегі волонтерлерді, әсіресе, әлеуметтік жобалар саласындағы еріктілерді біріктіру қажет. Қазір дүниежүзінде жастар туризмін дамытудың өзектілігі артып келеді.  Бұл сала олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады,-деді.