Мамандардың айтуынша, залалды бағалау және жою үшін Шымкент қаласы әкімдігінің және 13 мердігерлік ұйымның 553 маманы жұмылдырылып, 3 кезекте тәулік бойы жұмыс істеуде. Сараптама нәтижесінде анықталған сектордағы 652 тұрғын үйдің 604-інде жөндеу жұмыстары жүруде, 32 үйдің апатты болуы және толық өртенуі себебінен орындарына жаңа үйлер салынады. Қазіргі уақытта 161 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. 1 тамызға дейін барлық үйлердің шатырлары мен терезелері қалпына келтіріліп, 15 тамызға дейін ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
Шымкентке тиесілі секторда екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың, әр үйдің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапалы болуы қалалық әкімдіктің қатаң назарында.
Жұмыс сапары барысында Арыс қаласының тұрғындары құрылыс нысанындағы жұмыстар сапалы орындалып жатқанын айтып, Шымкентке алғыстарын білдірді.
Рейтинг газеті