Шара Орталық атқарушы органның және Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің кестесіне сәйкес жүргізілді. Жиын барысында жаңартылып жатқан су құбырлары мен тазарту қондырғылары кешенінің атқарып жатқан жұмысы таныстырылды.
- Табиғи монополиялар туралы заң талаптарына сәйкес, табиғи монополия субьектілері жылына екі рет инвестициялық бағдарламаларын орындау, табиғи сметалардың шығынын атқару жөнінде өз тұтынушыларының, қоғамдық қорлар мен ұйымдардың алдында есеп беруі тиіс. Біз инвестициялық бағдарламаларды атқару аясында ескірген су құбырлары, кәріз жүйелерін жаңғыртумен қатар басқа да, жаңа технологияларды өндіруді ұдайы іске асырып келе жатырмыз. Үш жылдық жоспарымыз бойынша 57 шақырым су құбырын алмастыруымыз керек. Бұл жылы 5000 үлкен шеңберлі су құбырын алмастырамыз. Ал, жаңа су құбырларын тарту мемлекеттің есебінен жүргізіледі. Біздің инвестициялық бағдарламамыздың мақсаты жаңа су обьектілерін жүргізу. Сонымен қатар, ескірген нысандарды жаңғырту, қайта құру. Қазіргі таңда барлық инвестициялық бағдарламаларды іске асыра бастадық. Ал, үлкен обьектілердің атқарылу мерзімі бір жылдың көлемінде жүзеге асырылады,- деді «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-і бас директорының экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-інің биылғы жылы қаралған инвестициялық бағдарламасы 4 миллиард 200 миллион теңге болса, оның 1 миллиард 600 миллионы серіктестіктің коммерциялық аударымдар есебінен құралып отыр. Ал, 2018 жылдан бері қарай жұмыс істеп келе жатқан Еуропалық қайта құру жұмысын жаңғырту бланкісінен алынған несиелік қаржы 2 миллиард 600 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда қалада ескі су құбырлары ауыстырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға барлық талаптарға жауап беретін сапалы су ұсынуға мүмкіндік береді. Тариф арқылы жылына орташа есеппен 1,5 миллиард теңге қаржы бекітілсе, Су ресурстары орталығы одан көп, яғни 3-4 миллиард теңгенің жұмысын жүргізіп келеді.
Биыл қабылданған Табиғи монополиялар туралы жаңа заңда тұтынушылардың құқығын қорғау міндеті де қарастырылған. Әрбір тұрғын сапасыз жұмыстың куәгері болып жатса оны түсіріп, Табиғи монополиялар мекемесіне арыздана алады. Бұл тұрғыда тұтынушылардың құқығы заң талабына сай қорғалады.
Рейтинг газеті