Халыққа таза ауыз су жеткізіледі

Қысқаша

Халыққа таза ауыз су жеткізіледі

1561437401534248.jpg

Түркістан қаласынына сапалы инфрақұрылым жүргізу де өзекті мәселе. Осы орайда қаланың  әкімшілік-іскерлік орталық пен мәдени-тарихи орталықты бұрын қолданылмаған инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан нысандарды жылумен қамтамасыз ету және оның сапалық көрсеткішін арттыруды қамтамасыз ету бойынша тиімсіз және ескі шешімдердің орнына жаңа технологиялар қолданылды.

Қала халқын және нысандарды тұрақты және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында үш қосалқы станцияның құрылысы жоспарлануда.  Қаланың  экологиялық жағдайын  жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56-пайызы газдандырылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда облыс орталығының 11,8 пайызы орталықтандырылған су тарту жүйесімен қамтылған. Жергілікті тұрғындар қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян септиктерді пайдаланады. Осы орайда Түркістан қаласын 83 пайызға таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар басталды дейді жауапты мамандар. 

Кентау қаласы бойынша су құбырларын тазалау құрылыстары жүрмек, бұл қала экологиясына кері әсерін тигізіп жатқан зиянды жағымсыз иіс пен сырттан келетін ағынды сулардан тазалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ алдағы екі жылда жылумен қамтамасыз ету жүйесі жаңартылып, қаланың барлық тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етілмек.