Түркістанды түлететін 5 қаулы

Қысқаша

Түркістанды түлететін 5 қаулы

1561096139298542.jpg

Бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан Түркістан  облысы үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданған. Бұл туралы облыстық мәслихатының сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев баяндады.  «Бұл – тарихта болмаған жағдай. Оның облыс және Түркістан қаласы үшін ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Сонымен бірге өзге қаулылар да Түркістан үшін аса маңызды. Облысымызға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп отыр», – деді облыс әкімі.

Ел Үкіметі тарапынан жоғарыда аталған қаулыдан бөлек  «Түркістан қаласын салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау» жөніндегі қаулы , сондай-ақ «TURKISTAN» еркін экономикалық аймағы мен әкімшілік-іскерлік орталығын, Түркістан қаласын дамыту көзделген қаулылар қабылданған.  

         Үкімет қабылдаған қаулыларға сәйкес, облыста барлық сала бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, идеология, өндіріс, индустриалды аймақтарды дамыту жолында үлкен жоспарлар жүзеге асырылады дейді мамандар.