Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады

Қысқаша

Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады

Screenshot_17.jpg

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген еді.

Кез-келген ауылға қарап, ол аймақтан шыққан азаматтың қандай екенін аңғаруға болады. Абыройы, қызметі, қалтасын қомпайтқан қаржысы бола тұра кіндік кескен жерінен жырақ кеткендерден не пайда? Десе де, жұрт Түлкібас ауданы, Иірсу ауылының тұрғындарына қызыға қарайды. Өйткені, жеке кәсіпкер Дауылбаев Әбілхан секілді арқа сүйер азаматтары бар.Әбілхан Дауылбаев Иірсу ауылынан ертеректе аудан орталығана көшіп кетсе де, ауылын еш қашан ұмытқан емес. Биылғы жылы туған ауылына демеуші болып, 9 млн. теңгеге соңғы үлгідегі 64 дана түңгі жарық шамдары мен 64 дана жаңа темір бетонды электр бағаналарын орнатқызып, СИП сымын тартып берді. Нәтижесінде, ауыл тұрғындары түнде қараңғыда қалмай, жарық үйде отырып, сүттей жарық көшеде серуендейді. Өз кезегінде бұл өмір сүру сапасын арттырады.  

Әбілхан ағаның баршаға үлгі болатындай игі ісіне Иірсу ауылының тұрғындарының алғысы шексіз!

Түлкібас ауданы әкіміінің баспасөз қызметі