Мәсімовтің «Тамыры»

Қысқаша

-Таяуда әкеме арнап кітап жаздым. Біздің әулетіміздің тамыры, өмірі баяндалады. Сондықтан оны әулеттің тарихы деуге болады. Өзіңіз білесіз, қазақ халқы шежіреге көп мән береді. Ата-баба кім, әке-шешең қандай болған, бұл балаларға аманат болып қалады.

18378-6-karim_masimov_vozglavi_ru.jpg

 Соның ішінде әкеге сағыныш бар. Сондықтан әулеттің терең тамырымен жалғайтын кітап «Тамыр» деп аталады. Кезінде әкемнің айтқандарына көп мән бермедік. Қазір әкемнен айрылған соң бәрін ой елегінен өткіздім. Бұл кітап солай дүниеге келді.

Кәрім Мәсімов әлеуметтік желідегі парақшасына салған видеосында жуырда ғана дүниеге келген «Тамыр» деп аталатын кітабы туралы осылай дейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының әкесі Қажымхан Қасымұлы 8 сәуірде жасы 80-ге қараған шағында қайтыс болды.

 - Мен үшін әкем – ертеңгі бұтақтың биік болуы үшін тереңге кеткен тамыр. Жай емес, Алтын тамыр”,- депті автор кітаптың эпилогында.

Бұл Мәсімовтің қаламынан туған соңғы кітап болмауы мүмкін. Елбасы қызметінен кетіп, көпшілікпен қоштасқан аса толғанысты сәттерде Кәрім Мәсімов Назарбаев туралы міндетті түрде кітап жазатынын айтқан еді.

Рейтинг газеті