Туристерден түсетін табысты көтеру басты назарда

Қысқаша

Елбасы Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы екіге бөлініп, Түркістан қаласы облыс орт

2d7eeeb1fd162a0935dbf90ad6217e3c.jpg

Елбасы Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы екіге бөлініп, Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мұнда жұмыстар жанданып жатыр. Бүгінде түлеп жатқан Түркістанға ағылатын туристер саны артуда. Бұрын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі үшін келсе, енді жаңа облыс орталығында нендей өзгерістер орын алып жатыр, қандай нысандар салынуда, осыған да назар аудара бастады. 

Түркістан қалалық туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Абдуламитовтың айтуынша, Түркістан қаласында қазіргі таңда 7 тарихи нысан орналасқан. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кенесі, Укаш ата, Жылаған ата, Тұт ағашы деген халық баратын жер бар, «Түркістан-Сырдария» табиғи қорығы паркі бар және де Ғауһар ана  кесенесі бар. Одан бөлек 29 тарихи ескерткіштер орналасқан.

– Әлемдік туристік мекемелердің көрсеткіші бойынша, 2018 жылы Қазақстанға 4 млн 560 мың турист келіпті. Ал бір ғана Түркістан қаласының өзіне өткен жылы 1 495 267 адам саяхаттап келген. Оның 34 мың шетелдік туристер. Өткен жылы саяхатшылардың есебінен облыс бюджетіне 4 млрд-қа жуық қаржы түскен. Бұл өңірлік өнім көлемінің 6 пайызын құрайды.

Ал 2025 жылға қарай туристерден түсетін табысты 12-14 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін Тұңғыш Президенттің Түркістанды тек облыс орталығы ретінде ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамытуы керек деген тапсырмасын жүзеге ертерек жүзеге асыруымыз керек, - дейді Дархан Абдуламитов.  

Белгілі жазушы Мархабат Байғұт «Болашақта Түркістан түркі баласының көз тіккен асыл жауһарына айналып, әр пенде барып көруді армандайтын шаһарға айналады», деген еді. Туристік индустрияны дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, 2025 жылы Түркістан өңіріне 5 миллионға жуық турист келеді деп жоспарлануда.