Тарихи жәдігерлер озық құралдар арқылы туристерге таныстырылады

Қысқаша

Түркістан – тарихы тым тереңде жатқан көне қала. Көне қала қаншама ғасырлардан сыр шерт

Түркістан – тарихы тым тереңде жатқан көне қала. Көне қала қаншама ғасырлардан сыр шертеді. Шетелден келетін туристер қазіргі жаңаша кейіптегі қалалаларды емес, тұла бойы құпияға тұнған шаһарды көргісі келеді. Сондықтан да, қаланы тек заманауи қалыпта емес, көне стильді араластырып, қос бағытты қатар ұстанған абзал. 

Түркістан қалалық туризм бөлімінің бас маманы Ермек Өмірбековтың айтуынша, алдағы уақытта Түркістан қаласында атқарылар іс-шаралар жоспары көп. Туристерге жағдай жасау мақсатында «Түркістан#.kz» сайты пайдалануға берілді. Сол сайт арқылы қаладағы қонақ үйлер мен мейрамханалар тағы басқа көрікті жерлерді көруге мүмкіндік ашылады. Туристік нысандарға баратын обектілерде арнайы QR-код тақтайшалары орналасқан. Оны телефонның мобильді қосымшасы арқылы суретке түсіріп, өзіне қажетті 3 тілде мәліметін ала алды. Келген туристерге вокзал, автобекеттерден келгенде қаланың қай жағына бару, келу бағыттарын білу үшін арнайы электрондық туристік карталар орналастыру жоспарланып отыр. Заманалар сабақтастығын осылай орнатып, туристерді көптеп тартуға болады. 

Сондай-ақ қазіргі таңда Түркістан қаласы маңындағы археологиялық ескерткіштердің саны 99-ға жетіп отыр. Бұл өңірдегі көне қалалардың мәдени қабатының тереңде екендігін көрсетеді. Бір ғана ашық аспан астында орналасқан Күлтөбе қалашығының өзі саяхатшылардың сүйікті орнына айналған. Алдағы уақытта осы мекендерді заманауи гаджеттерге лайықтап енгізіп, туристерге таныту негізгі жоспарлардың бірінде тұр. Осылайша, соңғы технологиялық құралдар арқылы Түркістан өңірінің тарихи жәдігерлері әлемге паш етілмек.