Туристердің қауіпсіздігі – басты назарда

Қысқаша

Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті з

8a302964325e7f634a96ec5850f72733.jpg

Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті зор. Әсіресе туристерге сапалы қызмет көрсету мәселесіне ерекше мән берілуде. Осы мақсатта жақында ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһарда Полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңа – туристік полиция бөлімі құрылды.   Негізгі мақсат – еліміздің халықаралық имиджін арттыру, өңірге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету. Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5-і Қ.А.Яссауи кесенесінде болса, қалған 5-і Отырар ауданы полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілген. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылды. Мамандар бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған.    

– Қазір егемен еліміздің даңқы бүкіл әлемге аян. Содан болар, қатпарлы тарихы бар, тұмса табиғаты, кең-байтақ территориясы бар елді көргісі келетін шетелдіктер көп-ақ. Жасыратыны жоқ, өзге елдердің азаматтары Қазақстанды мұнайлы мекен, аумағы үлкен ел деп қана біледі. Бізге осы түсінікті тереңдетіп, туризммен де танымал бола алатынымызды дәлелдеу қажет. Ол үшін туристердің қауіпсіздігі алдыңғы орында тұруы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, туристік полицияның құрылуы өте дұрыс шешім деп есептеймін, - дейді  Шымкент қалалық ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Сержан Тұрсынбеков.

Полиция қызметкерлері туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді де меңгеріп алыпты.