​Әлияның шынайы бейнесі

Қысқаша

Журналист Баян Сарсенбина Ақтөбедегі Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінен төмендегі суретті көрген. «Өмірдегі келбеті осы. Балаң бейне, тазалық пен сұлулық, адалдық пен бекзаттық бет-жүзінде жазулы»,- дейді фейсбуктегі парақшасында.

алия.jpg

Бұл Әлияның 1942 жылы мергендер мектебінде оқып жүргенде әскери билетке түскен суреті. «Әлия мен Мәншүктің қиын тағдырының артында аштық, репрессия, жетімдік, жоқшылық тұр. Әлияны сұлулық конкурсына қатысқандай суретін алып тастап, осы бейнесін шығару керек. ХХ ғасыр батырының бейнесін орта ғасырдың батырларындай әсірелендірудің қажеті жоқ. Әлияның аруағынан ұят»,- дейді тілші. Бұған дейін мергеннің бізге жеткен суреті мен мына фотода үлкен айырма бар. Онда Әлия қолаң шашты, қиғаш қасты, құралай көзді, оймақ ерінді, ат жақты әдемі қыз етіп бейнелеген. Бәлкім, суретші Әлияның бауыры Сапураға қарап кескіндеген шығар.

 

Журналист  өткен жылдың  желтоқсанында парақшасына тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери тұтқындар туралы жаңа деректер тапқанын жазады.  

 

«1941 жылы Германияда 80-ге жуық лагерь ашылып, оған 5 миллион 700 мың кеңес жауынгері түскен. Соның ішінде 1942 жылдың ақпанына дейін немістер қолына түскен қызыләскер саны - 3 миллион 900 мың адам. 1943 жылы көптеген лагерь жабылды, себебі ондағы соғыс тұтқындары түгелдей өліп қалған еді. Олар негізінен үсіген капуста мен картоп қабығымен қоректенді, әр 10 тұтқынға 1 бөлке нан ғана берілді, жаздық әскери киіммен тұтқынға түскендердің суық түскенде киер киімі болмады. Олар ашық аспан астында жатты, қатты суықтан жерді қазып қорғанды»,- деп, Германия “Stammіager”-леріне түскен кейбір атыраулық соғыс тұтқындары жайлы мәліметті толық көрсетіпті. Сарбаздардың рухына тағзым ете отырып, біз тек аты-жөндеріне тоқталуды жөн көрдік. Олар Табылды Өтешов, Сайд Сариев, Батыр Досмұхамбетов, Ғари Дәулетов, Бисекен Итгеев сынды лагерьде еш жазықсыз жапа шеккен, соңынан қабірі де қалмаған елінің аяулы ұлдары еді.



Рейтинг газеті