2013-2017 жылдар аралығында геологиялық барлауға 51,4 млрд теңге бөлінген. Осы кезеңде қаржыландыру екі есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 254,7 млн теңге болған. Атап айтқанда, барлауға 14,6 млн теңге жұмсалды. «Бұл көрсеткіштің 89%-ы мына компанияларға тиесілі: «Алтынтау Көкшетау» (2017 жылға қарай жер қойнауын пайдаланғаны үшін 23%), «Бақыршық КӨК» (19%), «Қазақалтын КБК» (14%), «Алел» (10%), «Алтыналмас» (7%), «Варваринское» (5%), «Комаровский тау-кен кәсіпорны» (4%), «RG Gold» (3%), «ALTYNEX» (2%), «Горняк» 2%)», — делінген министрлік хабарламасында.
Өткен жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 349 алтын кен орны мемлекеттік баланста тұр. Бағалы металдың баланстық қоры - 2394,6 тонна. Облыстар бойынша алтын қорлары: Шығыс Қазақстан – 867,6 тонна, Ақмола – 492,3 тонна, Қарағанды – 270,3 тонна, Қостанай – 212,6 тонна, Павлодар – 202,5 тонна, Жамбыл – 142,7 тонна, Ақтөбе – 137,6 тонна, Алматы – 55,3 тонна, Түркістан – 8,7 тонна, Қызылорда – 2,9 тонна, Солтүстік Қазақстан – 2,1 тонна.
Рейтинг газеті