Қазақстан Солтүстік Кореяны қатаң сынға алды

Қысқаша

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасы Корей Халық Демократиялық Республикасының 2017 жылғы 28 шілдедегі балистикалық зымыран ұшыруын қатаң сынға алады. Мұндай әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын қатаң бұзып, шығыс аймақтарда және бүкіл әлем бойынша жағдайды тұрақсыздандырады, әлемге қауіп төндіреді. КХДР-дің жауапсыз саясаты ядролық қару таратпаудың жаһандық процесіне кері әсер етеді. Сондықтан ҚХДР-ді өз елінің дамуы мен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін ядролық амбициялардан бас тартуға шақырамыз. ҚХДР-дың ракеталық және ядролық бағдарламасының қаупі барлық мүдделі тараптың келіссөз процесін жедел қайта жандандыру жолымен өзара келісімге жол табуға күш салуды талап етеді», — делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, шиеленіскен жағдайды реттеу Солтүстік корея билігінің арандатушылық әрекетіне сай күш қолдану емес, келіссөздер жүргізгенде ғана жүзеге асуы мүмкін екені айтылуда.