Тұңғыш Президентке қазіргі Президент жалақысының 80 пайызына тең көлемде ай сайын зейнетақы төлеу қарастырылған. Назарбаевтың өмірі мен денсаулығына байланысты Президенттің жылдық жалақысына тең міндетті мемлекеттік сақтандыру тағайындалған.
«Азаттықтың» жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге (2,6 миллион доллардан асады) бөлу жоспарланып отыр.
Елордадағы Астана теміржол вокзалының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту ұсынылуда. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің электрондық базасында 2 сәуірде жарияланған Үкімет қаулысының жобасында айтылады.
Қаулы жобасы «Астана-1» вокзалының атын өзгерту туралы» деп аталады. Онда «Астана» вокзалының атауы «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалы» деп өзгеретіні айтылған. Электрондық базаға қаулы жобасын Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енгізген.
Көпшілік талқы аяқталатын уақыт ретінде 16 сәуір көрсетілген. Сайтта бұл ұсыныс жайлы әзірге пікір жоқ.
Рейтинг газеті