«Төлеген сенде арман жоқ» деген заман өтті

Қысқаша

Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерінің бәрі орындарында “қалтырап” отыр. Бәрінен қызметінен өз еркімен босату жөнінде арыз жаздырып алыныпты деген ақпараттың қаншалықты рас екендігін білмедік. Ауыс-түйіс осы аптадан басталуы мүмкін.

  tZeRp_croper_ru.jpeg

 Өңірде кемінде облыс әкімінің екі орынбасары жаңаруы мүмкін. Соның бірі Төлеген Сәрсембаев.  2017 жылы Төлеген Сәрсембаев қызметіне жаңадан тағайындалған кезде біз ол туралы былай деп жазған екенбіз:


  «Төлеген Сәрсембаевтың еншісіне облыс әкімдігіндегі ең майлы-жілікті, ең жауапты деген басқармалар тиді. «Төлеген сенде арман жоқ»...Иә, Жансейіт Түймебаевтың орынбасары Төлеген Сәрсембаев туралы әңгіме қозғағанда әйгілі фильмдегі кейіпкердің осы бір сөзі еріксіз еске түседі екен. Республикадағы ең үлкен облыстың бүкіл қаржы мен тендер саласына бақылау жасаған азаматта арман бар ма?   Осы фильмде Қыз Жібектің әкесі Сырлыбайдың бір-бірімен ырылдасқан Төлеген мен Бекежанға қарата «Ұнасаң бірің оң қолым, бірің сол қолым болыңдар» деген сөзі бар емес пе еді?! Жансейіт Түймебаевтың  орынбасарларының қайсысы оң қолы, қайсысы сол қолы екендігін, осы өзгерістен байқауға болатын сияқты».


  Енді міне, «Төлеген сенде арман жоқ» деген заман да өтті.

Рейтинг газеті