3 мың киік атылған

Қысқаша

Бас прокуратураның таратқан мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары елімізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға заңсыз аңшылық жасау оқиғалары жиілеп кеткен.

  a0bf6c88f72aebf9707916236703988b (1).jpg

 Үш жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал 3,6 миллиард теңгені құрады. Киіктерді ату фактілерінің саны өсуде. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған. Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда. Бұған Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» РМК инспекторының қаза болуына байланысты оқиға дәлел. Бас прокуратурада осыған қатысты ауыл шаруашылығы, ішкі істер, қаржы министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның жауапты тұлғаларының қатысуымен жиын өтіп, қолға алынуы тиіс шаралардың жай-жапсары талқыланған.

  Естеріңізде болса, 13 қаңтарда Қарағанды облысында киік атқан броконьерлерді ауыздықтау кезінде қорықшы Ерлан Нұрғалиев қаза тапты. Арада жиырма күн өткенде марқұм қорықшыға Елбасының Жарлығымен «Барыс» ордені берілді.

   Жалпы біздегі құзырлы органдардың біреу өліп, қайғылы жағдай орын алмайынша орындарынан қозғалмайтыны жаман. 

Рейтинг газеті