Қазақстанға инвестиция салатын қазақ-қытай қоры бірқатар салықтан босатылады

Қысқаша

Қазақстанға инвестиция салатын қазақ-қытай қоры бірқатар салықтан босатылады

Screenshot_8.jpg

"Kazakh invest" ҰК" АҚ мен Қытай Жібек жолы қоры арасында бірлескен жобаларды инвестициялау үшін құрылған қор кірісінің жекелеген түрлері салық салудан босатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстанға тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Қытай басшыларының келісімдері аясында "Kazakh invest" ҰК" АҚ мен Қытай Жібек жолы қоры арасында бірлескен жобаларды инвестициялауға капиталандыруы 2 миллиард доллар болатын қор құрылды. Қазіргі уақытта бұл қор Қазақстанға инвестиция салатын ірі инвестициялық қорлардың бірі. 

"Қазақстанның Жібек жолы қорымен ынтымақтаса жұмыс істеуге тәжірибесі жеткілікті. Биыл Жібек жолы қоры Астаналық қор биржасының жарғылық капиталына 5 процентпен кірді", — деді министр. 

Оның айтуынша, жалпы капиталандыру сомасы 55 миллиард долларды құрайтын Жібек жолы қоры көлемі жағынан Қытайдағы ең ірі қор болып саналады. Сол себепті Жібек жолы қорының Астана халықаралық қаржы орталығы биржасына акционер ретінде қатысуы Қытайдан ірі инвесторларды тартуға ықпал етеді.