Су ресурстары ұқыптылықты қажет етеді

Қысқаша

​Тіршілік құбылыстарының барлығы да ғажайып зат – судың қатысуымен жүреді. Ал жер үсті суларының бітелуі мен сарқылуын болдырмау үшін кез-келген қалдықтар мен қоқыс төгуге болмайтынын ұмытпайық.

8.jpgТіршілік құбылыстарының барлығы да ғажайып зат – судың қатысуымен жүреді. Ал жер үсті суларының бітелуі мен сарқылуын болдырмау үшін кез-келген қалдықтар мен қоқыс төгуге болмайтынын ұмытпайық. Ал өндіріс орындарынан сарқынды сулар құйылып, ауылшаруашылық зиянкестерімен күресуге қолданылған улы заттармен ластануы тек су ресурстарына емес, бүкіл табиғатқа орасан зиянын тигізеді.  Суға қатысты адамдардың жауапсыз іс-әрекеті кезінде түсетін заттар оның қасиетін өзгертіп ластайды. Демек, ішуге, басқа қажеттіліктерге пайдалануға жарамсыз күйге келтіреді. Ондағы тіршілік көздерінің жойылып кетуіне жол бермеу – заман талабы. Су тартылып, шөлейт, қуаңшылық сияқты адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу  қажет.  Ол үшін  бұлақ көздерін үнемі тазартып отыру, су көздерін ерекше қорғау  назардан тыс қалмауы тиіс.

Су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық жүргiзудің арнайы режимі белгiленетін су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Еліміздегі көптеген ірі су қоймалары, мәселен Қапшағай, Шардара, Бөген, Қаратомар және тағы басқа су қоймалары өткен ғасырдың 70-ші жылына дейін салынған.

   Түркістан облысы үшін су ресурстары -  аса маңызды құндылық.  Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан көп жылдан бері өңірдегі өзендер, көлдер мен су қоймаларына су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізіліп келеді.   Сонымен қатар, облыс аумағындағы су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз жер бөлуді тоқтату бағытында да тындырымды шаруалар атқарылды.